Хантәңірі. Тергеуісова Жаңылша
Тергеуісова Жаңылша Ұлдаханқызы Ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалімі «Жанымның нәзік пернесі» атты жыр жинағының авторы Хан тәңірі Қатуланған қабағы, ызғарланған, Қас батырдай, жүрегі мұзға айналған. Көк тіреген биік шың тәңір сыйы, Сұлулықты алды екен құздар қайдан? Бұлт қалпағы үйірілген басында, Мұз шекпені ерімейді жасынға. Айбатымен сес көрсетер қазақтың, Абылайы елестейді расында. Менсінбейді өзге мынау биікті, Тәкаппарлық бір басына жиыпты. Көктен Жерге төніп тұрған Тәңірсің, Тауып