"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып » Кеген ауданының «Майлы Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Майлы Орманов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2017

"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

Тақырыбы: «Зерде» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың 5 сыныпта алған білімдерін саралау. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

Көрнекіліктері: көрсетілім, проектр, компьютер

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
Сіздер «Зерде» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Адамзат қол жеткізген игіліктердің ұлы ісі білім қазынасы. Ал білім көзі – кітапта. Кітап – адам баласының ақыл ойының алтын сандығы. 21 ғасырда кітап оқудың маңызы артпаса, еш кемімейді.
Ғабит Мүсіріпов айтқандай, кітап оқығаннан тиылсақ, оқудан да тиыламыз.
Білім бәйгесінде бас қосқан білгірлер, ойданда жүйрік. көп оқиды. 5 сыныпта кітаптан, яғни информатика пәнінен алған білімдерін сайысқа қосайық.
Қазір оқушыларымыз алма ағашындағы алмалар арқылы қатысатын оқушыларды анықтап аламыз. Алмалардың артында жасырылған 1,2,3,4 нөмірлі қатысушыларымыз қош келдіңіздер!
"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

Демек білімдердің нәтижесін анықтайтын да кез келді.
Ал білімшілердің сайысын саралайтын математика пәнінің мұғалімі Алпысбаева Алтынай

«Зерде» зияткерлік сайысы 4 кезеңнен тұрады
1 Бәйге
2 Таңдау – табыс
3 Тіл білгірі
4 Ой жүйрік

Алғашқы кезеңнің шарты бойынша ортақ тесттен 20 сұрақ оқимын. Әр сұрақтың жауабы ретінде 3 нұсқасы беріледі. Ал сіздер қолдарыңызды көтеріп барып, дұрыс жауапты таңдауларыңызға болады. Егерде дұрыс жауап берсеңіздер сіздерге 10 ұпай беріледі. Ал сұрақтарға жауап беру кезінде қателессеңіздер, келесі сұраққа жауап беру мүмкіндігінен айырыласыздар. Ойын шарты түсінікті болса ойынымызды бастаймыз.
І. Бәйге
1. «Ақпарат» деген нені білдіреді?
А) сақтау, түрлендіру, жөнелту, пайдалану
В) көрсету, айту, әңгімелеу
С) баяндау, айту, мәлімет
2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) бит В) байт С) 1
3. Пернетақта- қандай құрылғылар қатырына жатады?
А) негізгі құрылғыларына
В) қосымша құрылғыларына
С) сақтау құрылғыларына
4. Компьютерде сақталатын барлық программалар нені құрайды?
А) Жады құрылғысын
В) Процессорды
С) Программалық жабдықтаманы
5. Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа-..
А) Операциялық жүйе
В) Программалық жабдықтама
С) Аппараттық жабдықтама
6. ОЖ жүктелгеннен кейінгі көретініміз?
А) Компьютер жұмысының басталуы
В) Сыртқы тасығыштан ақпарат оқу
С) Жұмыс үстелі
7. Бас мәзірді шақыру үшін... керек.
А) Менің компьютерімді ашу
В) Бастау батырмасын басу
С) Есептер тақтасын ашу
8. Осы қос батырманың көмегімен терезені жабуға боладыжоқ?
А) Alt + F4 В) Ctrl + F4 С) Shift + F4
9. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
А) 100 В) 200 С) 255
10. Файлдық жүйенің негізгі нысандары
А) Файлдар, бумалар, жарлықтар
В) Файлдар, жүйелер, нысандар
С) Файдар, менюлер, бумалар
11. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау В) Құру С) Сақтау
12. "Paint” сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) сурет, сурет салу В) музыка, ән салу С) оқу, кітап
13. Қоржындағы жойылған нысанды қайтадан қалпына келтіруге болады
ма?
А) келтіруге болады В) келтіруге болмайды С) жойылмайды
14. «Трансформация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына
береді?
А) тышқан тетігі В) түрлену, алмасу С) компьютер
15. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде
сақтау керек?
А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау
В) Компьютерді Power басу арқылы өшіру
С) Пернелерді ақырын басу
16. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?
А) сезу мен көрудің В) есту мен көрудің С) иіскеу мен естудің
17. «Information» сөзінде қанша бит бар?
А) 88 В) 72 С) 75
18. Суретті қағазға басып шығару үшін қолданылатын бұйрық:
А) Пуск→ Paint
В) Пуск→ Paint→Программы→Басып шығару
С) Paint→Басып шығару
19. Мәтінді пішімдеу кезінде қолданылатын үш батырма:
А) жартылай қалың, курсив
В) астын сызылған, мәтін, курсив
С) жартылай қалың, курсив, асты сызылған
20. Қосымша стандарттық программалар -...
А) PowerPoint, Блокнот
В) Блокнот, Калькулятор
С) Калькулятор, PowerPoint

«Бәйге» кезеңінде қатысушыларымыз жарыса жауап беріп, алғашқы кезеңнің білімін бағындырдық деп ойлаймын. Олай болса, алғашқы кезеңнің қорытындысына назар аударайық.
Үздіктер арасындағы тартысты ойынымызды жалғастырайық. Екінші айналымның шарты бойынша, бірінші айналымдағы жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады. Қазір сіздерге 3 тақырып бойынша 15 ұяшық ұсынылады. Сұрақтардың күрделігі әр ұяшықтағы ұпай санына байланысты.
Бірінші кезеңде аз ұпай жинаған оқушыдан бастап, кезекпен жауап береміз. Егер ойыншы өзі таңдаған сұраққа жауап бере алмаса, менің «қарсыластар» деген сөзімнен кейін үміткер қолын көтеріп жауап берулеріңізге болады. Егерде екінші ойыншы дұрыс жауап берсе, сол ойыншыға ұяшықтың ұпайына ие болады. Ендеше тартысқа толы келесі кезең

ІІ. Таңдау – табыс
"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

1) Адасқан әріптер
10 – Терус Сурет
20 – Никнауш Наушник
30 – Каколон Колонка
40 - Тенинтер Интернет
50 – Пьютерком Компьютер
2) Компьютер
10 – Бір адам жеке қолданатын компьютер – дербес компьютер
20 - Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы – басқару
30 - Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу – сканер
40 – Тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері – тасығыш сыйымдалағы
50 - Жүйелік блоктың құрамы – аналық тақша, жедел жады, қатты диск, процессор, дисковод, видеокарта, дыбыс картасы
3) Пернетақта
10 – Бас әріптер теру режиміне қосылу үшін: Caps Lock
20 – Енгізу үшін Enter
30 – Пернетақта дегеніміз Ақпаратты енгізу құрылғысы
40 - Қосымша цифрлық пернеліктерді іске қосу үшін: Num Lock
50 – Пернетақтаның бөліктерін ата Алфавиттік-цифрлық, курсорды басқару, функционалдық, қосымша цифрлық, басқару пернелері


Барлық ұяшықтағы сұрақтар толық оқылып болды. Ендеше сараптамаға назар аударайық. Қос айналымның қорытындысы бойынша төменгі ұпай алған ойыншымыз ойыннан шығады. Алдағы ойыннан да төменгі ұпай жинаған ойыншымыз ойыннан шығатынын ескертеміз. Келесі ойынымыз «Тіл білігірі» деп аталады. Бұл кезеңде 3 ұяшық беріледі. Әр ұяшықта жұмбақтар жасырылған. Сіздер сол жұмбақтардың шешуін тауып, сол табылған шешімге анықтама беріп кетулеріңіз керек. Сонымен қоса жұмбақтың шешіміне орыс, ағылшын тілдерінде тақтаға жазып, айту керексіздер. Егер ойыншы өзі таңдаған сұраққа жауап бере алмаса, менің «қарсыластар» деген сөзімнен кейін үміткер қолын көтеріп жауап берулеріңізге болады. Егерде сіздер
• Жұмбақтың шешімін тауып, бірден анықтаманы беріп, орыс–ағылшын тілдерінде айтылса – 30 ұпай
• Жұмбақтың шешімін тауып, бірден анықтаманы берсеңіздер – 20 ұпай
• Жұмбақтың шешімін ғана тапсаңыздар – 10 ұпай
Олай болса, тартысқа толы келесі кезеңді бастаймыз.

ІІІ. Тіл білгірі
"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

1. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан – маус – mouse )

2. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор – монитор - monitor )

3. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүзден асады (пернетақта- клавиатура - keyboard )

Сіз болып, біз болып осы кезеңді де артқа қалдырдық. Бүгінгі ойын әр оқушы үшін пайдалы болды деп есептейміз. Үш кезеңнің ұпайларын есептеп, төмен ұпай жинаған оқушыны ойыннан шығарамыз. Келесі, соңғы кезеңге жол бастайық. Бірер минуттардан кейін үздіктің үздігін анықтайтын боламыз. Бұл кезеңде қатысушыларымыздың ойлау қабілетімен ойын жеткізіп, сауатты сөйлеу дағдысын жеткізуді қалыптастыру болып табылады. Олай болса көрсетілімге назар аударайық.

IV. Ой жүйрік

Сұрақ. Тышқанның шаригі кірленіп жүрмей қалса не істер едің?
Ол үшін 8 зат берілген:
"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

Қалған екі қатысушы заттарды көріп сұраққа жауап беруге тырысады. Қағаз, қалам алып өз ойларын жазады. 1 минут уақыт.

Жауабы: алдымен тышқан шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жауып, орамалға сүртіп парақ бетіне әбден кепкенше қоямыз, ал тышқан ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.

Құрметті көрермендер осы кезеңнің қорытындысы бойынша 4 кезеңнен жинаған ұпайлары толығымен есептеледі.
Техникалық пән бірлестігінің онкүндігінде информатика пәнінен ұйымдастырылған «Зерде» зияткерлік сайысының жеңімпазы Құралбекқызы Жәния МАРАПАТТАЛАДЫ.

Бүгінгі зерделі ұл мен қыз ертеңгі зиялы қауым. Білімімен оза шауып жүретін оқушыларымыздың саны артсын демекпін. Оқып жүрейік, зердемізге тоқып жүрейік. Осымен бүгінгі «Зерде» зияткерлік сайысы тәмәмдалды.

"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

 

"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

 

"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

 

"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

 

"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

 

"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
BoecEsold
27 мая 2020 03:09
Тоже вариант! Только я поступил бы именно так: смотри сюда
Walergob
11 августа 2020 21:43
Порядок. . Впрочем нам гораздо больше импонирует решение на этом сайте. Уверена это лучшая идея