Әдістемелік жұмыстар - Кеген ауданының «Майлы Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі https://ormanov-kegen.mektebi.kz/ ru Әдістемелік жұмыстар - Кеген ауданының «Майлы Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі DataLife Engine Облыстық информатика пәні педагогтерінің "Күнделікті сабақты жоспарлау" тақырыбында аймақтық диалогтік алаңдағы информатика пәнінің мұғалімі Сыбанқұлова Разияның шебер сыныбы https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/187-oblysty-informatika-pn-pedagogtern-kndelkt-sabaty-zhosparlau-tayrybynda-ajmaty-dialogtk-aladay-informatika-pnn-malm-sybanlova-razijany-sheber-synyby.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/187-oblysty-informatika-pn-pedagogtern-kndelkt-sabaty-zhosparlau-tayrybynda-ajmaty-dialogtk-aladay-informatika-pnn-malm-sybanlova-razijany-sheber-synyby.html

]]>

]]>
admin Fri, 17 Mar 2023 07:56:27 +0600
Аудандық семинар https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/98-blm-beru-mazmnyn-zhaartu-zhadayynday-tarih-zhne-geografiya-pnn-oytudy-erekshelkter-audandy-seminar-13-zheltosan-kn-bolyp-tt.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/98-blm-beru-mazmnyn-zhaartu-zhadayynday-tarih-zhne-geografiya-pnn-oytudy-erekshelkter-audandy-seminar-13-zheltosan-kn-bolyp-tt.html Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар]]>
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар
Аудандық семинар]]>
admin Sat, 15 Dec 2018 01:27:53 +0600
Диалогтік оқыту. Слайд. Көктеубаева Гүлмира https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/78-dialogtk-oytu-slayd-kkteubaeva-glmira.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/78-dialogtk-oytu-slayd-kkteubaeva-glmira.html Диалогтік оқыту. Слайд. Көктеубаева Гүлмира
Диалогтік оқыту. Слайд. Көктеубаева Гүлмира

Диалогтік оқыту. Слайд. Көктеубаева Гүлмира]]>

admin Fri, 28 Apr 2017 04:26:45 +0600
Диалогтік оқыту тәсілінің тарих пәніндегі тиімділігі https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/77-dialogtk-oytu-tsln-tarih-pnndeg-timdlg.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/77-dialogtk-oytu-tsln-tarih-pnndeg-timdlg.html
Тәжирибесінде оқытуда «Диалогтік әдіс – тәсілдерді» басшылыққа алады. Ұсынылып отырған іс тәжірибесі Алматы облытық мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру «Өрлеу» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған онлайн конференциясында тыңдалып, озық тәжірибе ретінде таратылылған.

Диалогтік оқыту тәсілінің тарих пәніндегі тиімділігі

Адам баласының дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор. Ал, таным мен көзқарас өздігінен пайда болуы екіталай, егер де адамдар өзара қатынас құралы тіл арқылы әрекеттеспесе.Cайып келгенде, тіршіліктің негізі қарым – қатынас пен диалогқа орнығады: басқаның ойымен, пікірімен,көзқарасымен санасу, өзгені түсіне білу, өзіңді оның орнына қоя білу – бәрі де адамға қажетті даусыз тұжырым. Пәлсапашы Қанат Нұрланованың пайымдау бойынша, қарым – қатынас идеясы қазақ ұлттық философиясының негізінде жатыр. «Өмір мәні араласу, қатынасу, іштесу, қауышу, дидарласу, жүздесу, яғни, түсіну», - деген ата – бабаларымыз осы әрекеттер арқылы басқа адамға, оның көзқарасы мен дүниетанымына, ойы мен пікіріне деген ыждаhат пен ықылас қалыптасатындығына көздерін жеткізген [1]. Тіпті, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мына бір, «Қол шешпегенді, тіл шешер» деген мақалдың мәніне бойласаңыз көп нәрсені ұққандай боларыңыз анық.
Ысты Бөлтірік шешенге қартайған шағында : «Өмірдің мәні не бала ма, бақ па?» дегенде, ол былай деп жауап беріпті: «Бала деген артта қалар із, бақ деген аспанда ұшқан құс. Бұл өмірдің мәні сіз бен біз емес пе?». «Сіз бен біз» қарым –қатынасын өмірдің негізгі құндылығына дана бабаларымыз бүкіл Әлеммен диалог құруға ұмтылған: жер мен ғарышпен, тау мен таспен, су мен топырақпен, адамдар басқа тірі пенделермен. Сол себепті ата – бабаларымыз бүкіл әлемді сыйлап(жаратылыспен табиғатқа еш нұсқан келтірмеген) «Судың да сұрауы бар деп» ерекше қонақжай болды емес пе?! Ал, адамзат ғұламалары тек қарым – қатынас арқылы, диалог құру арқылы ғана Әлемді тануымыз ықтимал, яғни таным иен білім – адамдардың өзара әрекетінің нәтижесі деп есептеген. Демек, тіл – қатынас құралы ғана емес, оқу мен оқытуда, үйрену мен үйрету қатар жүретін білім алу жүйесіндегі қуатты құрал екендігі туралы бүгінгі таңда көптеген дәлелдер жеткілікті. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады [2].
Ал Мерсер мен Литлтон (2007) өз зерттеулерінің нәтижесінде диалогты сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім деңгейінің өсуіне де зор ықпал ететіндігін дәлелдейді. Яғни, диалогтік оқыту – «мұғалім – оқушы», «оқушы – оқушы» арасындағы интербелсенді, шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдісі. Диалогтік оқыту негізгі жеті модульдің бірі болып қана қоймайды, барлық модульді қамтиды және сабақтың өне бойында қолданыста болады десек артық айтқандық емес.
Бағдарламаны игергенннен кейінгі өз тәжірибемде көп пайдаланатын тиімділігі жоғары әдістің бірі – диалогтік оқыту. Сабақ барысында оқушылардың әңгімелесуінің, пікірлесуінің маңызы зор.Әсіресе, топтық, жұптық жұмыс барысында әр баланың өз ойын білдіруіне мүмкіндік туады. Диалогтік оқыту топпен жұмыс барысында көрінеді:
-Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талдап-талқылай алуы, ортақ шешімге келе алуы барысында бірге ойлайды;
-Зерттеушілік әңгімеге тартылады, мәтіндегі берілген мәліметтерден басқа білетін танымдық ақпараттарды топ мүшелерімен бөліседі, болжамдар ұсынып, талқылайды;
-Талқылау барысында сөздік қорлары молаяды, бір – бірінен «жаңа» сөздер үйренеді;
-Бірін – бірі тыңдауға үйреніп, пікір алмасады.
-Өзге топтардан артта қалмас үшін жұмыла жұмыс жасауға, жауапкершілікке ұмтылады;
-Топ ішіндегі лидерлер «баяу» топ мүшелеріне қайта – қайта қайталатып, «сөйлеуіне» түрткі болады. Выготскийдің ЖАДА- сы жүзеге асады. Яғни, қабілетті құрдасының арқасында «сөйлеуге» мәжбүр болады.
Бұдан шығатын қорытынды, Мерсер (2005) айтқандай, құрдастар тобындағы «бірін – бірі оқыту» «мұғалім – оқушы» байланысынан әлде қайда бір – біріне ұғынықты, әрі айтылған ақпараттың естеріне ұзақ уақыт сақталатынын байқадым. Демек, алынған ақпарат дәл сол кезде ғана емес, болашақта керек кезінде жұмсауына «қорек» болады деген қорытынды жасадым.
Диалог түріндегі әңгімелесу барысында әртүрлі идеялар айтылады, қарсы пікірлерге де тап болады, мәмлеге келеді, тіпті «бұрын үндемейтін, нашар оқушы» болып келген оқушының «дәл» сол тартысты тақырып туралы өзгелер білмейтін танымдық мағлұматы бар «лидер» болып, өзін өзгелерге мойындататын сәттер де кездесіп жатады. Осы орайда оларға деген аз мадақ пен көтермелеудің өзі пәнге деген баланың көзқарасын өзгертетініне сендім. Мен бұл нәтижелерге бір немесе бірнеше сабақ өткізе салып жептедім. Бірқатар кедергілерге де кездестім. Олардың қатарына мыналарды жатқызар едім:
-Топқа бөліну барысындағы «шу»;
-Уақыттан ұтылу;
-Үлгерімі жоғары оқушылардың жауап беруге үлгермегендегі «наразылығы» мен «менмендігі»;
-Топтардың бірін – бірі бағалауға машықтанбағандығы.
Бұл кедергілерді жеңу үшін, сабақтың мақсатына жету барысында интербелсенді әдіс – тәсілдерді қолдану сабақтың тартымдылығын арттырды.
Мысалы, сабақ алдындағы психологиялық ахуал. Таза диалогқа құрылады. «Атомдар мен молекулалар», «Айна», «Капитандар», «Түрлі – түсті алақан», «Акула – күш беруші», «Сатамын – сатып аламын» т.б. балалардың бірін –бірі тануымен сыйластығына жол ашса, бақылап тұрған мұғалім үшін әр бала туралы зор мәліметтер жинақтауға мүмкіндік береді. Әр жолы түрлерін өзгертуге тырыстым. Өйткені, келесі сабақтағы осы сәтті бала қызығушылықпен күтеді емес пе? Бұл менің пәніме деген баланың бет бұрғандығы деп түсіндім. Алғашқы кездері уақыттан ұтылдық, бірте – бірте үйренді.
Сабақтың мақсатына қарай әдіс – тәсілдерді таңдай алу да үлкен шеберлікті талап етеді, күтілген нәтижеге жеткізеді. Айталық, үй тапсырмасын тексеруде де диалогтік тәсілді тамаша жүзеге асыру арқылы бірнеше баланың немесе бүкіл сыныптың тапсырманы орындау барысын зерделеуге болады. Ол үшін мынандай тәсілдерді үнемі қолданамын: «2 ақиқат, 1 жалған», «Карта ойыны», «Велосипед», «Өрмекші торы», «Доп лақтыру», «Ыстық орындық». Бұл әдістер барысында «оқушы - оқушы» байланысы артып, «бірін – бірі оқыту» стратегиясы жүзеге асады. Сондай - ақ бұл жерде мән берілуге тиісті нәрсе – сұрақ қалай қойылды. Мысалы, «Велосипед» әдісінде сыныпта 20 бала балса, үй тапсырмасын еске түсіретін 20 сұрақ қойылады деген сөз. Бағыт беруші ретінде мен әр баланың өз жұбына қойып жатқан сұрағына мән беріп, тиянақты тыңдап, жоғары дәрежелі сұрақ па, әлде төмен дәрежелі сұрақ па, зерделеуге тырысамын. Себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақты түсінудің тиімді құралына айналады. Ал, өз тарапымнан қойылатын сынақтан өткізу сұрақтары арқылы Блум таксономиясының жинақтау мен талдау деңгейіндегі «Абылай хан мен Елбасы саясатын қай тұрғыдан салыстыра аласың?» немесе «Бір мысал келтіре аласың ба?» деген сияқты сұрақты қою арқылы үй тапсырмасын қорытуда әр оқушының :
- кез – келген ақпаратқа сындарлы көзқараспен сөйлеуіне;
- шынайы қызығушылығын анықтауға;
- бір – бірінен үйреніп, ықпал етуіне, сөйлеушіні құрметтеуге;
- тапсырмадағы қиындықтар мен кедергілерді анықтауға мүмкіндік аламын.
Ал «Шеңбер» әдісін пайдалану арқылы кей сәттерде өзім де тек бақылап, бағалаушы болмай «қатысушы» ролін «ойнаймын».
Жаңа сабақты меңгерту – бұл сабақтың негізгі бөлігі. Сондықтан әр ұстаздың жоспарлау барысындағы ұтымды әдіс – тәсілді таңдауға тиісті тұсы.Осы орайда мен топпен жүргізілетін мынадай: «Елшілер», «Апельсин жинау», «Кір жаю», «Ойлан –жұптас-пікірлес» әдістерін пайдаланамын. Ойларын айту, бөлісу, ортаға салу арқылы жүзеге асыра отырып, шыңдалған ойға бірте –бірте қадам жасауға итермелеймін. Пікірін ашық айтуға, түрлі идеяларды қабылдап, еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беремін. Сонымен қатар «ТВ шоу», «Стоп кадр» , «Санадағы кинофильм» әдістерін 5-6-7 сыныптарда қолдану балалардың қызығушылығы мен өзіндік қабілеттерін дамытып қана қоймай, тілдік, сөздік қорын молайтады.
Сабақтың бекітілу кезеңінде мен жазба жұмыстарын жасатуға, жариялауға күш саламын. Сайып келгенде , оқушының сабақтағы барлық әрекеттерін – талқылау, әңгімелесу, пікірталас, сұрақ қою, жауап беруді – оның қорытынды жазба жұмысын орындауға бағыттап, сол арқылы бағалауға да болады. Жазу – ойлаудың шырқау биігі деп есептесек, оқушы тарапынан өзіндік «менін» ашуға түрткі болады.Сондықтан да әр сабақтың аталған сәтінде жазу жұмыстарын жүргіздіртемін. Оқушының бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды жазбаша жұмыстарды орындауынан обьективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары – оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны. Ондай жазба жұмыстары қатарында мыналарды жасатамын: «10 сөйлемді эссе», «Еркін жазу», «БББ», INSERT, РАФТ, «Не? Қайда? Қашан?», «Венн диаграммасы», «Блум түймедағы».
Жазба жұмысы -шығармашылық. Сондықтан да оларды жариялау қажет. Жариялау дегеніміз басқаларға оқу, жеткізу. Егер дәстүрлі оқытуда оқушының жұмысын тек мұғалім ғана оқыса, қазіргі оқытуда анағұрым көп тыңдаушысы болған жұмыс соғұрлым жақсы болмақ. Жариялау – мадақтаудың бір түрі. Ол үшін:
- Жазылған жұмысты топ ішінде оқу.
- Жұмыстарыды сынып қабырғасына ілу.
- «Үздік эсселер» көрмесін ұйымдастыру.
- Жазба жұмыстарынан тақырыптық қабырға газаттерін шығару.
- Жұмыстарды\ эсселер, постерлер т.б\ тақырыптары бойынша жинақтап \ файлға \ кітапшалар жасап қоямын.
Бағалауға оқушылардың өздерінің араласуы – олар үшін үлкен жаңалық болды. Алғашында өздерін асыра бағалаушылық орын алды. Үшінші және төртінші сабақтардан кейінгі нұсқау беруден соң қалыптастырушы бағалаудағы «бірін – бірі» бағалауда бірқатар түсінушіліктер байқалды. Әсіресе критерийлер арқылы бағалауда шеберлік көрсетті. «5 болу үшін сен бұл критерийден шықпайсың» немесе «Мен ..... сыныптасыма 5 баға қоюды сізге ұсынамын. Өйткені мен оның сабақтағы жауабынан мынандай нәрселерді білдім» деген ескертпелер де айта алатын болды. Осылайша, «Өзін – өзі бағалауды» пайдалану барысында өз пікірлерін ашық айтуға дағдыланды. Бұл қалыптастырушы бағалау барысында, әділ, көз алдыда өтетін, дұрыс бағалауға үйренудің басы деп ойладым. Мен де сабақтың арасындағы әрбір атқарылған жұмыс үшін мадақтау тәсілі ретіндегі «Жарайсыңдар бұл топ!», «Үздік жауап болды!» деген ынталандырушы сөздермен демеп отырамын. Ал өзім жетістігі мен кемшіл тұстарын көрсете отырып қорытынды баға қоямын. Сабақтан соң кері байланыс жазуда да алғаш қиындықтар: «сабақ ұнады» немесе «жартылай ұнады» деп жаза салынған парақшалар кездесті. Бірақ, бұл парақшаның маңызына түсініктеме берілгенннен соң, уақыт өте келе «Бағдаршам», «Идеялар себеті», «Бәрі өз қолыңда», «Аяқталмаған сөйлем» арқылы өз ойларын жазып, тапсырманы жауапкершілікпен орындауға машықтанды. Өз әрекеттеріне рефлексия жасап, білім дәрежесін «Блоб ағашына», «Жетістіктер баспалдағына» орналастыратын болды.
Басқаны түсінуге, білімді игеруге, адам болуға, сондай – ақ адамгершілік қасиеттерді дарытуға диалог арқылы жетуге болатынын 1998 жылы өткен Әлемдік философиялық конгресте диалог – тұлғаның адамгершілік қасиеттерін иемдеруінің басты тәсілі деп атағаны бекер жайт емес болар [3].
Сөзімнің соңын ұлтымыздың атақты сөз зергері Әбділда Тәжібаевтың мына сөзімен қорытындылағым келеді:«Диалог – тек алма – кезек сөйлеу емес, ойдың соғысы, ой мен ойдың жалындауы, мінез бен мінездің найзаласуы, идея мен идеяның қылыштасуы».

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс – тәсілдер [1.47 б].
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы [2.71б ].
3.Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс – тәсілдер [3.47б].

admin Fri, 28 Apr 2017 03:48:39 +0600
"Аналар асыл қазынам" Ертеңгілік https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/49-analar-asyl-azynam-erteglk.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/49-analar-asyl-azynam-erteglk.html
Тақырыбы: «Аналар асыл қазынам»
Мақсаты: мерекелік көңіл күйін құру,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал жабдықтар: безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра,сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа.

Ертеңгіліктің барысы:Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып билеп өтеді. / «тәттім -ау»әуенімен /

Тәрбиеші: Құрметті аналар, әжелер, қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8-наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке.Құрметті аналар дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға береке-бірлік, жүректеріңізге тыныштық тілейміз. Олай болса бүгінгі аналарға,қыздарға, әжелерге арналған «Алау» шағын орталығының бүлдіршіндерінің «Асыл анам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Тәрбиеші:
Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Исін жұпар аңқытқан.
Бұл кім?
Балалар: Ана,ана,ана!
Балалар: Құттықтаймыз анашым, 8- наурызбен.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Аналарға құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Ақ мамам»
Тәрбиеші:
Бүгін наурыздың 8-і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Шұғыла:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Алдияр:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз
Айша:
Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан,
Жансын жарық жұлдызың.
Би: «Көңіл толқыны»
Нұрбек:
«Боташым »дер саған
Кім сүйікті адам?
Ол-менің анам.
Інжу:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Нұрмухамед:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Ойын: «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналары жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Айжұлдыз:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Бақтияр:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Би: «Қара жорға»
Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.
Тәрбиеші:
Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы,
Міне, осылай қойылым,
Көрсетті «Алау» бақшасы.
Тәрбиеші:
Құрметті әжелер, аналар, қыздар! Сіздерді «Алау» шағын орталығы бүлдіршіндерінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.Аяулы аналар, ардақты әжелер, сүйкімді балаларыңыз әрқашан аман болсын!!!

admin Fri, 21 Apr 2017 05:09:06 +0600
Хантәңірі. Тергеуісова Жаңылша https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/40-hantr-tergeusova-zhaylsha.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/40-hantr-tergeusova-zhaylsha.html
Хантәңірі.  Тергеуісова Жаңылша

Ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалімі «Жанымның нәзік пернесі» атты жыр жинағының авторы

Хан тәңірі

Қатуланған қабағы, ызғарланған,
Қас батырдай, жүрегі мұзға айналған.
Көк тіреген биік шың тәңір сыйы,
Сұлулықты алды екен құздар қайдан?

Бұлт қалпағы үйірілген басында,
Мұз шекпені ерімейді жасынға.
Айбатымен сес көрсетер қазақтың,
Абылайы елестейді расында.

Менсінбейді өзге мынау биікті,
Тәкаппарлық бір басына жиыпты.
Көктен Жерге төніп тұрған Тәңірсің,
Тауып қойған атауыңды сүйікті.

Көз алды сұрғылт бұлттан тұманданып,
Төменде биіктікке құмар халық.
Жыр жазар ем құзар шың мекен болған,
Қыранның қанатынан тұмарға алып.

Тамашала табиғатты құр қалмай,
Ол да саған бар пейілін бұрғандай.
Қалт жібермей Хантәңірі адамның,
Ақ- қарасын ажыратып тұрғандай.

Бақ көтерсе төбең көкке тиіп тұр,
Керегі не жалған бедел жиып құр.
Биік болсаң осы шыңдай тағзым ет,
Халқыңа шын басыңды сәл иіп бір!

admin Fri, 21 Apr 2017 03:11:10 +0600
Органикалық заттар: Нәруыздар құрылысы,қасиеттері атқаратын қызметі. 10 сынып https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/39-mambetova-glnar-talasbaevna.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/39-mambetova-glnar-talasbaevna.html
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Нәруыздар туралы түсінік қалыптастыру. Нәруыздар туралы білімдерін бекіту.жүйелеу.Құрамына қарай
жасушада алатын орынын түсіндіру.
Дамытушылық:Топпен , жеке жұмыс жасауды жалғастыру; Өсімдік және жануарлар майының бір- бірінен айырмашылығын
көрсету. Липидтердің маңыздылығы туралы білім беруді дамыту.Химия пәнінен алған білімдерімен
байланыстыру.
Тәрбиелік:Ұжымшылдыққа, ынтымақшылдыққа баулу
Жаңа терминдер арқылы ой өрістерін дамыту;
Сын тұрғысынан ойлану арқылы салыстыруға , мазмұндауға, қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
1. Нәруыз құрамы құрылысымен танысты.
2.Нәруыз биологиялық полимер жасуша тіршілігіндегі ерекшеліктерімен танысты.
3.Көмірсу, липид, полимерлерімен нәруыздарды салыстырып,тіршіліктегі негізгі көзі екендігін дәлелдей отырып білім беруді тереңдете дамыту.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс Диалогтік оқыту Миға шабуыл АКТ Формативтік бағалаулар
Сілтеме: Биология оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар,
Органикалық заттар : Липидтер туралы сызба ,слайд.кестелер
Сабақтың түрі Жаңа сабақты меңгерту

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру 1 мин
Оқушылар 1-1- не сыныптастарына бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, тілегін айтады.

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
- Оқушыларды түгелдеу
- Сандық гүлдер арқылы 3топқа бөлу \ Сары, жасыл, қызыл\
- Топ ережесін сақтауын қадағалау
- Топты рөлдерге бөлу

Білу 6 мин Мұғалімнің іс-әрекеті
1.Нәруыздар –басқа биополимерлермен салыстырғанда тіршіліктің тірегі –нәруыз макромолекулаға жатады.
2.Нәуыз мономерлері –амин қышқылдары,құрылысы жөнінен әртүрлі болады.
3. Нәруыз молекуласы гетерополиерге жатады:қызметтерін мысалдар арқылы дәлелдеу.
Оқушының іс –әрекеті
1-топ- Көмірсулар мен май молекуласы арасындағы байланыс.
2-топ- Ол байланыстың жасуша тіршілігідегі маңызы.
3-топ-Май тәрізділердің суда ерімеу себебі.
Оқушылар топпен ақылдаса отырып, берілген сұрақтарға флепчартқа сурет салу арқылы өз пікірлерін білдіреді Күтілетін нәтиже
Ойлау белсенділігі артады, бүгінгі жаңа тақырыпқа өз ойларын қосады.

Түсіну 10 мин Тәжірибе жасау арқылы ақпарат алады.
Кітаппен жұмыс
Нәруыздың құрамына а –жағдайдағы аминқышқылдары кіреді.Аминқышқылдары –NH2, - СООН топтары бойынша 1-1не ұқсас , ал R бөліктері бойынша айырмашылығы бар.Нәруыздың құрамында С; Н, О, N кіреді.кейбір нәруыздардың құрамында S,P, Fe –элементтерінің болатындығы туралы түсіндіру керек. Оқушылар сабақты мұқият тыңдайды. Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алады.
Дәптермен жұмыс.
. Липид-жасуша мембранасының ортаңғы қабаты,фосфолипид молекуласы.Барлық тірі организмдердің ең негізгі құрамы.
Оқушылар тақырыптың мазмүнын білуі керек, сондықтан ізденеді, бір-бірімен ынтымақтаса отырып,
шығармашылықпен айналысады.
Қолдану 3мин Оқушылар тест жауабын дұрыс табу арқылы ажыратады.

Мақсатқа жету үшін өз бойларындағы барлық қабілеттерін толық беруге тырысады, жинақталады.

Талдау 10 мин
1.Тех\ қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, пробирканы жайлап қыздырады.
2.Пробиркаға 2 мл нәруыз \ жұмыртқа \құяды да, оның үстіне 2 мл концентрлі сілті ерітіндісін қосады.
3. Аммиактың бөлінгендігін қызыл лакмус қағазымен анықтайды.
4. Тәжірибенің соңында белоктың құрамында азот қосылыстарының бар екендігін дәлелдейді.

Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушыларға тақырыптық суреттер беріледі. Сол сурет бойынша жұмыс жүргізеді.
Топтық талқылауға салады, ойланады, ізденеді, өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, мағынасын түсінуге ынталанады.

Жинақтау 5 мин Нәруыз -тіршіліктің негізгі көзі, биополимер молекуласы.
Аминқышқылдары- нәруыз полимерінің құрамына кіретін мономер молекуласы.
Нәруыздың бірінші реттік құрылымы- полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдары қалдықтарының 1-1 мен пептидтік байланыс түзуі Топтағы оқушылар алған білімдеріне талдау жасайды.
Өзін-өзі бағалайды. Ойлау арқылы алған білімдерін саралайды.

Бағалау 1 мин
Оқушылар липидтердің маңызын ,қасиетін ,түрлерін біледі.
Жоғары жетістікке жеткен оқушы липидтер туралы білімдерін қағаз бетіне түсірді.

Рефлексия 1 мин Сабақтан алған әсерлерін оқушылар көңіл күйді білдіретін смайликке іледі. \ Стикерлер арқылы \

Үйге Органикалық заттар: Нәруыздар құрылысы,қасиеттері атқаратын қызметі
]]>
admin Fri, 21 Apr 2017 02:55:18 +0600
Шалғай жатқан Жылысайдағы Ұлы бабалар тағылымы https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/35-shalay-zhatan-zhylysayday-ly-babalar-taylymy.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/35-shalay-zhatan-zhylysayday-ly-babalar-taylymy.html
Сынып жетекшілік ететін 8 «А» сынып оқушыларымен бірлесе отырып, біраз ақпараттар жинадық. Ауылдағы бірқатар Ұлы Отан соғысының отты жылдарына қатысқан аталарымыз жайлы ақпараттарды біріктірдік. Халықтың басына туған қиын-қыстау, сұрапыл кезеңдегі тылдағы еңбеккерлердің өміріндегі бел-белестеріне шолу жасай отырып, қазіргі кездегі көзі тірі Әлдибекова Ұлтуар апа мен Мәнкеева Бәтима апамен кездесуді жоспарладық.

1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстың 1418 тәулікке созылғаны бәрімізге белгілі.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталған.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды
Отан соғысы жылдары 1 миллион 200 мың қазақстандықтар аттанды.
70-ке жуық ел қатысып, 65 миллионнан астам адам өз өмірлерін қиды.
Солардың ішінде Алматы облысы Райымбек ауданы Жылысай ауылынан 135 ауылдас-тарымыз жастайынан соғысқа аттанып, солардың жартысы соғыс даласында жер жастан-ды. Қаншамасы жат жерде, ормандарда көмусіз қалды.
1916 жылы Қасымбаев Сыдыбай 1941 жылы әскерге алынып, Орлов қаласының маңындағы алғашқы ұрысқа, 1942 жылы шілде айында қазақтың 15-ші атқыштар полкінің құрамында Сталинградты қорғауға қатысқан. Осы ұрыстардың бірінде жеңіл жарақат алып, Қазан қаласындағы госпитальда емделіп шығып қайтадан Сталинград майданында екінші рет өте ауыр жараланыпты. Он бір ай емделген Сыдыбай ата соғысқа жарамсыз болып, елге бірінші дәрежелі Даңқ орденімен бірнеше медальдармен оралады.
«Октябрь» колхозында жұмыс істеп жүрген 19 жасар Әлдибеков Балқамбай ата Отан қорғауға 1942 жылы қыркүйек айында шақырылыпты.]]>

«Октябрь» колхозында жұмыс істеп жүрген 19 жасар Әлдибеков Балқамбай ата Отан қорғауға 1942 жылы қыркүйек айында шақырылыпты.
- Соғысты құдай басқа бермесін! От пен оққа оранған жер мен ел. Ұрыста
небір боздақ қыршыннан қиылса, фашистер бейкүнә үлкен-кішіні де аямады, атып, асып жатты. Жан түршігерлік жағдай, - деп Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында жүздескен Т.Сәрсенұлымен болған сұқбатында атап көрсетіпті Балқанбай ата. ( «Автоматшы Балқамбай Әлдибеков» мақаласында)
Майданда Курск доғасында араласып дұшпанның бетін қайтарған атамыз 1944 жылы Брянскіні босатуда жараланған. Госпитальда емделіп шыққан соң туған еліне қайтып келді.
Майданда автоматшы болып , ерен ерлігімен көзге түскен Балқамбай ата 11 медаль, Отан соғысы орденімен марапатталған. Кейін «Еңбек ардагері» медалі қосылды.
Майдангер атамыз Шалағызов Тыныбай 1942 жылы жиырма жасында біраз әзірліктен өткен соң жаяу әскер құрамына алынған. Қаруы - қол пулеметімен алғашқы ұрысы Украин майданына кірген. Харьков қаласының маңында жаумен шайқасты. Алғашқы қорғаныста болып, бірте-бірте жаудың бетін қайтарып отырған. Шабуылға шығып, одақ жерін жаудан тазартып, Европаның талай елін басқыншылардан азат етті. 1945 жылдың басында жараланып, ауылға оралған. Атамыздың омырауы «Отан соғысы» орденімен, Жуков және мерекелік медальдарымен толған. («Майдангер ата» Қ.Нурданбек)
Өксікбайұлы Әбікен ата 1906 ж туылған . Ақ қыстық Жайын деген руынан Ақсақал деген қарияның қызына құда түсіп айттырып алған. 1925 жылы Жаркенттегі пед.училищені бітіріп, Нарынқол ауданындағы Портсъезд елді мекенінде мұғалім болып тұрғанында дүниеге Әсия апа мен Болат аға өмірге келеді. Әбікен ата 1941 жылы 9 айлық бала Болатты Таубалды қарияға асырауға беріп, аға міне Болат сізге аманат. Өлсе о дүниеде кездесерміз, тірі болса сіз осы баланы өсіріп тәрбиелеңіз –деп жақын туысына беріп, жары Жібекке қызы Әсияны тапсырып соғысқа кетеді. 1944 жылы «қара қағаз» келді, қай майданға қатысып, қай жерде жерленгені белгісіз.
Төлендиев Құнанбай қариядан Ықын, Нұри, Қайрат деген ұлдары болған деп қара шаңырақтың келіні Әмірбекова Орынша татеміз білгенін айтты.
Ықын ата Майлы мектебінде білім алып, сауатты өте көркем жазуды білген. Шешесі ерте қайтыс болып, әкесі қарт кісі болғандықтан ерте үйленген. 1937-1939 ж әскер қатарына алынып, 1939 жылы Фин соғысына, 1941 жылы Ұлы Отан соғысында Брест қамалына дейін барған. Бүкіл жас ғұмырын майданда өткізген Ықын ата өзінің сауаттылығымен майдандағы достарының үйлеріне хат жазып берген. Ықын атамен бірге ағасы Нұри соғысқа қатысып, хабарсыз кеткен.
Осы кісілермен қатар ауылдан Әлмерек атаның ұрпақтары: Абдраманов Асан, Абдраманұлы Шәми, Зікірия Абдраұлы, Арықпанұлы Серкебай, Ақшалұлы Умбетжан, Әбдрахманов Нұрбай, Батырбекұлы Оразалы, Байбақбайев Нүсіпбек, Байбасщаев Нұрбай, Бітіұлы Танабек, Дінасылов Дәмен, Дінәсилов Әшім, Жапаұлы Дәулетбақ, Жылангөзов Нұрғазы, Жолдасбайұлы Омарбек, Жаманшалов Бейсенбай, Зікірияұлы Әкімхан, Күзембаев Уәли, Қарағожаев Қадір, Қойранбайұлы Ақынбай, Қорғанбаев Мәдірайым, Қиқымұлы Ескендір, Қиқымов Жұмабек, Маманов Нұрғазы, Манабайұлы Тәжібай, Мекебайұлы Сатылған, Терлікбайұлы Сман, Абсаттаров Сарсенқұл, Сыдықжанов Умбетбай, Смағұлұлы Диханбай, Нұрғазыұлы Үркінбай, Теміржанұлы Оқас, Отаров Нұрғали, Өмірұлы Әбен, Өміров Мұқамәди, Бітеұлы Қасымжан, Нарынбайұлы Ұлдахан, Қиқымұлы Майлыбек, Байасилов Тасыр, Садықанұлы Әуезбек, Отыншиев Әшім, Қарынбайұлы Боқай, Манкеұлы Қалысбек, Сымайылов Әшір, Тілеужанұлы Молдақын, Тлеуғабылұлы Нұрдаулет, Садықанұлы Әлтан, Тоқтасынов Айтақын, Артықұлы Сыбанқұл, Көнекбайұлы Нүсіп, Өксікбайұлы Майтыбай, Жылангөзұлы Нұрбек, Батырбеков Абдрахман, Көлбасов Фазылжан, Байбақбаев Керім, Рахымұлы Тұрғынбай, Намазбеков Әлім, Ізбасаров Қабай аталарымыз аман-есен ауылға оралды.
Содан бері қырғын соғысқа қатысқан аталарымыз бұл өмірден шетінен кетті.
Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.
Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды.
Тыл майданы соғыс майданынан кем соққан жоқ. Аштан көз жұмғандар да көп кездесті. Жап-жас балалар жұмыс басында ұйықтап, ояна салып, шаруаға жегілетін.
Қазіргі кездегі ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы, ауданның «Құрметті азаматы» Таубалдиев Болат ағаның бастамасымен ауыл ақсақалдарының қолдауымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Ешкім ұмытылмайды" деген белгі қойылды. Ескерткіште соғысқа қатысқан, колхоз кезінде ұйымдасқан Жылысай, Максим Горький, Октябрь, Шыбышы колхоздарынан аман-есен келген ардагерлер мен тылда еңбек еткен апаларымыз бейнесі тұр.
Алғашқы ұйымдасқан «Октябрь» колхоз бастығы болып Есбай ұлы Сыбанқұл келеді. Көп қиындық көрген Сыбанқұл атам 1890 жылы өмірге келген.
[ Жетісу газеті. 18 маусым 1997 жыл «Берекенің беташары» мақаласынан үзінді ] Көрнекті мемлекет қайраткері, халқымыздың адал ұлы Ораз Жандосов Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған жылдары одан көп үйреніп, тәрбиесінде болады. Осы аудандық партия комитетінде нұсқаушылық қызмет атқарады. Қанды қол, арам пиғылды адамдар Ораз ағаға жала жауып қылмыскер деп кінә тапқанда тұзақтың бір ұшы біздің әкеміздің мойнына түседі. (Халық жауы) құйыршығы деп түрмеге қамап қояды. Сөйтіп ол 2 жылға уақыт сарсаңға түсіп, зобалаңды бастан кешеді.(1937ж) Сол күндері емшектегі сәбиін абысындарына тапсырып шешем Кенжехан әр есікті қағып, әділдік іздейді. Ораз ағаны да өз күйеуі Сыбанқұлды да кінәсіз екенін дәлелдейді. Бұл істе әсіресе шешем Кенжехан еңбек сіңірді.
Анықтап кететін жағдай осы өңірдегі Октябрь, Социалистік Қазақстан, Сталин деп аталатын қолхоздардың бірінде бастығы болса, бірде ферма меңгерушісі болып қызмет атқарған – деп Кеңес әкем мақаласында жазыпты.
Жібек апа, Бақаева Дариға, Өтешова Гүлжамила, Нестай апа, Ажар апа, Несіпті апа, Талжын апалар сол Октябрь колхозында түрлі жұмыстар істеді.
Ағасы Майемгенов Нұржікей «халық жауы» болғаннан кейін әкем Майемгенов Бағашарды, Қағазбайды, Намазбайды соғысқа алмай қойғандығын қазіргі ұрпағы Бағашаров Қуандық айтып берді. Бағашар ата 1935 жылы Москваға колхозшылардың ІІ съезіне делегат болып барған.
Әкем Бағашарды Украйнаға Донбасқа трудармияға алып кетіп, сол жерде шахтада бригадир болған, 1944 жылы оралады. Кенжеқыз ападан Тельман, Мария, Карл деген балалары бар.
Бағашардың үлкен ұлы Тельман 6-8 жасында жеңешесінің (шешесінің) орнына күндіз тырмақ тартып, бау байлап, егін орған. Сол кездері жүнді екі уақыт қырқады. Қырқылған жүнді керекті жеріне тасып апарып береді екен.Осыдан кейін жеңешесі Кенжеқызды колхоздың басқа жұмыстарына ауыстырып жіберген.
Тельман атамның жары 7 бала өсірген Қарлығаш апамда 6 жасынан жұмысқа кіріскен. Әкесі Жарқынбек соғысқа барып 1,5 жылдан кейін бір аяғынан жараланып оралады. Хантәңір баурайында Жарғұлақ деген жерде алтын өндіретін кені болды. 40 түтіні бар мекенде қыз-қыз қайнаған жұмысты істеп, жұмысшылардың бәрі барақта жатты. Бронмен қазылған алтынды 60 есекке басып ирек жолмен алып шығады. Ойын баласы құммен ойнағандай астаушамен (лоток) үйілген құмды алып, құмды суға шайқай береді. Түйірдей кейде шегедей алтындар астаушаның түбінде қалады. Астаушадағы алтынды Нұрилла шешесіне апарса, ол кісі Роменке деген орысқа өткізеді.
Ал қыста соғыстағы кісілерге шешеміз тон тігеді. Тонның қалын жерлерін машинаға жүретіндей етіп жұқалап қырқып беремін. Бригадир келіп тігілген тондар мен қолғаптарды алып кететінін Қарлығаш апам айтып берді.
Қарақойшы, Сабырбек, Мәмежан, Бекетай, Бөртібаев Көшімбай Әбілқасым, Көбенов Көшімбай, аталар таңның атысы күннің батысына дейін шешелеріне көмек көрсеткен.
Осы аталған колхоздарда Жантелиева Күлихан, Әбділбаева Зейнетхан, Мысаханқызы Әсемжан, Азамбекқызы Үрімхан, Игібайқызы Сақып, Ақшалкеліні Бүбіхан, Асылбек келіні Қази, Өксікбайкеліні Жібек, Аблахитова Қантай, Андабаева Әшіхан, Такенова Әйімхан, Қайыпқызы Бұлыш, Балабаева Ажархан, Көшкінова Данышпан, Есімбекова Жұпар, Берменбайкеліні Нестай, Маманова Бағила, Әйтебекқызы Тұрсын, Дәкенқызы Рыс, Жақабай келіні Дариға, Өтешкеліні Күлжамила, Таубалды келіні Тілебала, Намазбекова Бәлижан, Бікірова Күлжамила, Абдіқасова Ұлжалғас, Дәуталиева Қалиша, Қазымбекқызы Шайбала, Кұтпанова Момаш, Нүсіпбекқызы Бүбіхан, Баймолдаева Әлимпия, Әбдраманова Сағат,Нұржанова Қашымхан, Әлдибекова Дина, Қасымбаева Әбзихан апаларымыз 15-35 жастағы қыз келіншектер түнгі ұйқыларын төрт бөліп қажымай, талмай еңбек етті. «Басқа түссе баспақшыл» дегендей, бойы өсіп бұғанасы қатпаған соғыс кезіндегі ауыртпалықты көтерген балалар Омарбеков Тұрған, Мамытов Бекетай, Мұқаев Тұрғынбек, Укеев Тоқтар, Солтанбекова Күлипа, Құныпияева Ұятхан, Мырзабекова Қоңыржан 5-8 жаста еді.
Әкелері мен ағалары тегіс соғысқа аттанғанда Білісбек ата он бес жаста еді. Аталар мен әкпе-аналар бірге жер жыртып, егін егіп, шөп шапты. Астық орып, қырман сыпырды. Арба айдап, астық тасыды. Қабырғамыз қайысса да қабағымыз шытылмады. Өйткені кеудемізде елімізге тұтқиылдан опасыздықпен басып кірген жауға деген кек қайнайтын. Жүрегімізде Жеңіске деген сенім лаулайтын. Ұлы Жеңіске барынша үлес косқан Білісбек ата «Еңбегіміз бағаланды» деп «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Дәумет пен Жамиланың отбасында 21 баланы дүниеге әкеліп, «Шешек» деген аурудан балалары өліп, солардың ішінен Күлдархан апа тірі қалған. Содан қазіргі Жалаңаш ауылындағы Арықбаев Жазылбек деген кісіге тұрмысқа шығады. 25 жасында 1941 жылы жары соғысқа кетіп қызы Қорланмен қалады. Ері соғысқа аттанғаннан кейін үйлері өртеніп, жағдайы болмағасын әке-шешесінің қолына оралған. Алғаш байлардың мал-мүлкін тәлкілеп колликтивтендіруге қатысқан. Күндіз екі қос атпен арба шегіп май тасып, түнде майдандағы солдаттарға шұлық пен қолғап тоқыды.
Өксікбайұлы Әбікен атаның жары Жібек апа Әсиямен бірге ел қатарлы барлық шаруашылықтарға араласты. Жібек апаның Болат ағадан кейін Саулаубай, Қанат, Саят деген бауырлары ерді.
Егізекқызы Шайші апаның інісі Рыскелді мен сіңілісі Рысжан әке-шешесінен ерте айырылып, жетім қалады. 1939 жылы Намазбекұлы Әліммен отау құрып, Жылысай ауылына қоныс аударысымен 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Өмірдің ауыртпалығына қың етпей көтеруге тура келді. Ерге бергісіз еңбек ете жүріп, бауырларын оқытып, тәрбиесіне де баскөз болды.
Құнанбаева Ажар апа қайын атасы Төлендиев Құнанбай екеуі ауылда бір атар қой бағып, тылдың нағыз қиындығын басынан өткерген. Қойдан төл алып, майданға ет, жүн дайындап «Бәрі де майдан үшін» деп аянбай тер төккен.
«Етіміз көп, тұз жоқ, аяғымызда күш жоқ» - деп күрсінуші еді. Үкіметтің бір атар қойын (саны белгісіз) қырқуға ауылдан қыз-келіншектер келетін. 15-35 жастағы қыз-келіншектер қой қырқып жатып өз көңілдерін өздері көтеріп, ән мен бастап әннің аяғы ән екені, жоқтау екені белгісіз соғыс құрғыр бәріне қанағат. Қара суды тыныш ішсек екен - деп отыратын апа. Ажар апаның құдай қосқан қосағы 40 жыл қырғыннан тірі келгеніне тәубешілік жасаушы еді. Бүгін бар майдандағы досым ертең жоқ. Қызыл қырғынды ұрпақтарыма көрсетпесін. Адамның жанынан Отанның одан да тәтті екенін айтудан бір тынбайтын.
Қызылордадағы балалар үйінде тәрбиеленген Аблахитова Қантай 1920 жылы( өз айтуы бойынша) ата-анасынан көз жұмып қалған екен. ПЗО-ға алып кеткен жерінен фашистерден қарағай басқан машинаға, қарағайлардың ортасына екі қыз баланы тығып өткізіп жіберген. Екі қыздың бірі Қантай апа қайдан қайда келгендерін білмей қалған. Киген көйлектерінің етегіне машинадағы қар еріп, қатып қалған. Өте қиын күн кешкенін - апаның өз аузынан естіген баласы Амантай мен келіні Ақмарал айтып отырады. Қой бағудан бастап, тыл еңбегі кезінде дән егіп, бастырудан жалықпаған еңбеккор апа 1941-1945 жылдар кезінде Максим Горький, Октябрь колхоздарында әр салада жұмыстарға белсене араласқан.
Ауылда біреудің үйінде жүрген жерінен 1948 жылы біреудің бір тал ұлы Аблахитов Нұрахманға қосылып 13 ұрпақ әкелген Қантай апа «Октябрь Революциясы» орденімен марапатталған.
Нарынбаева Оңласын апа 1939 жылы өмірлік жары Нарынбаев Ұлдаханға тұрмысқа шығып, еңбекті қой бағудан бастаған. 1941-1946 жылы аралығында Жалаңаш – Саты ауылында тылда еңбек еткен. Соғыстан кейін колхоздың 1 атар қойын бағып, әр 100 саулықтан 115-120 дан қозы алған. Ұлы жеңістің 40-50-60 жылдық медалдарымен марапатталған.
Осы жиналған ақпараттардан кейін біздің сынып екіге бөлініп, Ұлтуар апа мен Бәтима апаға кездесуге бардық.
Ұлтуар апамен кездесу үшін Еренбай Бек-Ұлан, Әбдіқалық Ерлан, Кемелжан Қуат, Көшімбай Еңлік, Нүсіпбек Мұхит, Мергенбай Тимур, Нұрғайып Жазира, Жұмабай Ержан, Батырхан Рамазан, Қуандық Ақтоты, Тельман Дінмұхамед, Иманбек Бекарыс барды. Бізді баласы Құралбек күтіп алды. Немерелерінің қызығын көріп отырған апа балаларды көріп куанып қалды. Апамыздың өз аузынан естіген әңгіме барған балалардың көңіліне үлкен ой қалдырды. Апа әңгімесін бастағанда, барған оқушылар берген сұрақтарының жауабын алып отырды.
Әлдибекова Ұлтуар апаның 10 жастан асқан кезінде әкесі Нұрлыбек соғысқа кетіпті. Тоғызбұлақ ауылында анасы Шолпан 14-15 сиыр сауатын доярка болды. Орта меркі шет меркіде бұзауды сіңілісі Сайлаухан екеуі бағып, бұзауды айдап келіп жілісіне байлап береді. Емізіп қойса ұрсады, ал өлтіріп қойса төлейсін деп бәле (Жәутікбай ақырып ұрсатын) жасайды. Сауған сүтін сеператорға тартады. Майын шыжғырып, 7-8 ақ флягтармен майданға Жәутікбай деген фермер жіберіп отырды. Бір шыныға айран құйып, бетіне бидай шашып береді соны ішіп аламыз да бұзауды бағуға кетеміз. Сүтті ірітіп қайната берсе шәй болады екен соны ішеміз. Қыста сиырды базға қамайды. Баздың қиын шығарамыз. Жазда «Екіаша» жайлауына малды жаяу айдап барамыз. Аяғымызға тікен кіреді, тас батады. Қанайды соның өзінде малдың артынан қалмай жүріп еңбек еттік деп көзіне жас алды Ултуар апа. Ақ самайлы үлкен анадан оқушылар қолдарын жайып батасын алып, қайттық.
Екінші топтағы Бакытғали Бекнұр, Қарақойшы Сырым, Жұмабай Камшат, Иманбек Ақерке, Шөкен Назгүл, Ұпан Алтынаймен бірге Еңлік, Ақтоты, Жазира қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген кешегі тыл еңбеккері Мәнкеева Батима апаның сол жылдардағы тыныс-тіршілігі қандай болғанын сұрауға бардық.
Бір әкеден үлкені Қалысбек інілері Білісбек, Береке және үш қыз екен. Шалым Қалысбек майданда жүріп пленге түсіп, үсті бастынан саутамдық жоқ әбден қиыншылықпен оралды. Таудан шалғымен шөпті шауып өзігбенен тасыдық. Сенабазда престеп жинаған. Шөп жинайтын талканың үстіне мініп жүрдік. Қырманда жұмыс істедік. Сабанның арасында, бидайдың үстінде көз шырымын алдық. 13 жаста Батима апамен Бәлижан, Шәйші, Оңласын, Сағат, Жұпар, Пиян, Алимпия бәріміз шамның жарығымен жүнді иіреміз. түнімен отырып қолдарына бір салалы, бес салалы қолғап, аяқтарына шұлық тоқыдық. Жүнісжан деген фермер үйден келіп тоқылған қолғап, шұлықтарды алып кететін. Қыста Ойтөшкеде екі ауызды уйде (қазіргі Жұмабайдың Ғазизы тұрған үй) тұрдық. Отынды өзім таудан әкеліп, көнді ойып, сабан жақтық. Апамен естелікке суретке түсіп, дастарханынан дәм тартық.
Тыл еңбеккерлерінің еңбекқорлық, елжандылық, отаншылдық қасиеттерін дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі ету үшін осы кездесулер себеп болды. Ыңғайын тауып, ұйымдастыра білсе, жастарды қазақстандық патриотизмге баулудың бұл да бір жолы емес пе?
«Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген болатын хас батырымыз Бауыржан Момышұлы.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырып, соғыс жылдарындағы тылдағы қазіргі Жылысай ауылының бірқатар ата-апаларымыздың қажырлы еңбектерін де естен шығармай, міндетті түрде жазуды жөн деп көрдік.
Себебі бүгінде Жылысай ауылында Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер-солдаттардың бәрі өмірден өтті, ал тыл ардагерлеріміз саусақпен санарлықтай сиреп қалды.
Шалғай жатқан Жылысайдағы Ұлы бабалар тағылымы

Шалғай жатқан Жылысайдағы Ұлы бабалар тағылымы

Сыбанқұлова Разия Сатбайқызы]]>
admin Fri, 21 Apr 2017 01:49:29 +0600
Ұстаздарымыздың жетістіктері https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/25-mormanov-atynday-orta-mektep.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/25-mormanov-atynday-orta-mektep.html Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері[center]]]>
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстаздарымыздың жетістіктері[center]]]>
admin Tue, 18 Apr 2017 11:34:36 +0600
Тұздар құрамы, жіктелуі. Химия 8 сынып https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/12-nazarbaeva-gulnur-orakbaevna.html https://ormanov-kegen.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/12-nazarbaeva-gulnur-orakbaevna.html Сабақтың мақсаты Білімділік:Тұздардың құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы туралы біледі.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және таным қабілеттері дамиды.
Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастықта, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
• 1. Тұздардың құрамымен, номенклатурасын біледі.
• 2. Тұздардың жіктелуін біледі
• 3. Тұздардың қасиеттерін біледі
• 4.Тұздардың алынуын біледі
• 5. Есеп шығара алады.
• 6. Берілген алгортм арқылы өз беттерімен мысал келтіріп талдайды
• 7. Тұздардың адамдарға, жануарға, өсімдіктердегі және шаруашылықтағы маңызы туралы жоба жасау
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, миға шабуыл, АКТ, Формативтік бағалаулар, көшбасшылық
Сілтеме Оқулықтағы, сабаққа арналған таныстырылымдар, периодтық жүйе, слайд .]]>
Сабақтың мақсаты Білімділік:Тұздардың құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы туралы біледі.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және таным қабілеттері дамиды.
Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастықта, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
• 1. Тұздардың құрамымен, номенклатурасын біледі.
• 2. Тұздардың жіктелуін біледі
• 3. Тұздардың қасиеттерін біледі
• 4.Тұздардың алынуын біледі
• 5. Есеп шығара алады.
• 6. Берілген алгортм арқылы өз беттерімен мысал келтіріп талдайды
• 7. Тұздардың адамдарға, жануарға, өсімдіктердегі және шаруашылықтағы маңызы туралы жоба жасау
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, миға шабуыл, АКТ, Формативтік бағалаулар, көшбасшылық
Сілтеме Оқулықтағы, сабаққа арналған таныстырылымдар, периодтық жүйе, слайд .
Сабақтың түрі Интербелсенді
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру 1мин
1 оқушы сыныптастарына бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, тілегін айтады.
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушыларды қайраткерлердің есімдері бойынша 4 топқа болу
- Топ ережесін сақтауын қадағалау
- Топты рөльдерге бөлу
Үй тапсырмасы
1.Қышқылдар дегеніміз не?
2. Қышқылдардың жіктелуі
3. Қышқылдардың алынуы
4. Қышқылдардың қасиеттері
Білу 6 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
Слайдпен түсінік беру
Оқушылар сабақты мұқият тыңдайды. Қажетті мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады. Ойлау белсенділігі артады, бүгінгі жаңа тақырыпқа өз ойларын қосады.
Түсіну 10 мин Кітаппен жұмыс
1. Тұздардың құрамымен, номенклатурасы
• 2. Тұздардың жіктелуі
• 3. Тұздардың қасиеттері
• 4.Тұздардың алынуы 4 топтағы оқушылар топпен ақылдаса отырып, оқулықпен жұмыс жүргізіп, таныстырылым жасайды Оқушылар тұздардың құрамы, номенклатурасы, жіктелуі,
қасиеттері, алынуы туралы біледі.

Қолдану 3 мин
Есеп шығару 1есепМына тұздардың формулаларын жазыңдар: кальций хлориді, барий динитраты,темір (III)cульфаты, натрий гидросульфаты, кальций фосфаты 2 есеп
Мына тұздарды: СuSO4, СaCl2, NaCl, BaSO4, AgCl алуға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар Тұздар тақырыбында есеп шығара алады
Талдау 10 мин
Формативті бағалау«Екі жұлдыз, бір тілек» • Берілген алгортм арқылы өз беттерімен мысал келтіріп талдайды

Жинақтау
5 мин Тұздардың адамдарға, жануарға, өсімдіктердегі және шаруашылықтағы маңызы туралы жоба жасау
Толық түсіндім
Орташа түсіндім
Түсінбедім
Оқушылар берілген тақырыптар бойынша жоба жасайды, суреттер салады
Топтағы оқушылар сабақтағы алған білімдеріне талдау жасайды. Өзін- өзі бағалайды
Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіреді.

Ойлану арқылы алған білімдерін саралайды
Бағалау 7 мин

Рефлексия 1 мин
Сабақтан алған әсерлерін оқушылар көңіл күйді білдіретін смайлинкке іледі. (стикерлер арқылы)

Үйге Тақырыптық тест құрастыру. Есеп № 9
]]>
admin Tue, 18 Apr 2017 05:18:05 +0600