Көңілді тапқырлар алаңы » Кеген ауданының «Майлы Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Кербулакского района
Алматинская область білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Майлы Орманов атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
23
апрель
2022

Көңілді тапқырлар алаңы

КТА жарысының мақсаты-оқушыларды ізденуге, командамен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға баулу, қызықты әзілдерді ойнау арқылы өнерге қызығушылығын арттыру. Бүгін мектебімізде 8-10 сыныптар арасында «Көңілді тапқырлар алаңы» әзіл кеші ұйымдастырылды. Сайысқа «Демал», «Тәрбиелі бұзықтар»,  «Дарабоз», «Серілер» командалары қатысты.
«Көңілділер мен тапқырлар алаңы» сайысы үш кезеңнен тұрды.
1-кезең «Сәлемдесу». Бұл кезеңде қатысушылар өз тобын әзіл мен өнерді ұштастыра отырып таныстырып өтті. 
2-кезең – «Жанбату». Бұл кезеңде командалардан бір ойыншы шығып қызықты әзілдермен көрермендерді шаттыққа бөледі.
3-кезең – «Сұрақ-жауап». Бұл кезеңде барлық қатысушылар ортаға шақырылып, сұрақтарға әзіл арқылы жауап берді.
Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша, бас жүлдені 9  сыныбының «Тәрбиелі бұзықтар» командасы,  I орынды 10 "б" - сынып оқушыларынан құралған «Дарабоз» командасы,II орынды 10 "а" сынып оқушыларынан құралған "Серілер" командасы, III  орынды 8-сынып оқушыларынан құралған "Демал" командасы иеленді.
Ойы жүйрік, табан асты тапқыр оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын «Көңілді тапқырлар алаңы» әзіл кеші қызықты да, тартысты өтті.
Ұйымдастырушы:"Алғыр жастар" ұйымының жетекшісі Жаужүрек Мөлдір

                                                         
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив