«Әке - шаңырақтың тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді
«Майлы Орманов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сыныптар арасында «Әке - шаңырақтың тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға: МАД-тобы мен 1-2 сынып әкелері мен балалары қатысты. Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғынды.